Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
507.8 580.82 6.44

Көкпектіде аудан әкімінің жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындарының нәтижесі белгілі болды

26-09-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Аудан орталығы Көкпекті ауылында Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Аудан әкімі жүлдесіне арналған аудандық халықтық  спорт ойындары өткен болатын. Халықтық ойындарға  ауданымыздың барлық 9 ауылдық округінің қатысуымен  21-27 қыркүйек күндері аралығында 16 спорт түрі бойынша сайысқа 1 мыңнан аса спортшы қатысты.

Бүгін Көкпекті ауылының Ұлы Дала Елі алаңында Аудан әкімі жүлдесіне арналған аудандық халықтық  спорт ойындарының қорытындысын шығаруға арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шара барысында Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Түсіпбекұлы барша аудан спортшыларына белсенділік танытып, спорттық сайыстарға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, спорттық сайыстарды ұйымдастыруда қолдау білдірген спортшыларға және төрешілерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Одан бөлек, Әлібек Түсіпбекұлы 21-27 қыркүйек күндері аралығында 16 спорт түрі бойынша сайысқа түскен ауылдық округ командаларының командалық есебін шығарып, командаларды марапаттады . Спорттың 16 түрі бойынша өткен сайыста:

 1 орынды - Көкжайық ауылдық округі

 2 орынды - Шұғылбай ауылдық округі

 3 орынды - Көкпекті ауылдық округі иеленді.

Шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен және мерекелік отшашумен жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив