Биыл Семейде 32 көппәтерлі тұрғын үй жаңа келбетке ие болады
Бұл туралы бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен өткен кездесуінде мәлімдеді.
«Биыл қала әкімдігі қаланың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін тұрғын үй шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Қасбеттерді жөндеу жұмыстары әртүрлі көшелердегі тұрғын үйлерге жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына муралдар бейнеленетін болады.
«Тұрғын үйлердің сыртына Семей қаласының туристік келбетін бейнелейтін және қалаға ерекше көрік беретін муралдарды салуды жоспарлаудамыз. Мысалы: Шәкәрім, Б. Момышұлы, Қ. Сәтбаев көшелеріндегі үйлерге сол ұлы тұлғалардың бейнелері бар муралдар салынады. Сонымен қатар, №1 шағын аудандағы бірнеше үйдің қабырғаларына өңіріміздің көрікті жерлерінің суреттері бейнеленеді», -деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.
Тағыда оқыңыз