Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Көкпекті ауданының әкімі «Өрнек» ЖШС жұмысымен танысты

4-09-2024, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан әкімі Әділет Қожанбаев жұмыс сапарымен Үкілі қыз ауылына барып, Абай облысы ауылшаруашылық басқармасы басшының орынбасары Бауыржан Нұрланұлымен бірге  «Өрнек» ЖШС жұмысымен танысты.

«Өрнек» ЖШС директоры Ержан Тұрсынханұлы Қойгелдин шаруа қожалықта атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы уақытқа жоспарланған жобалармен таныстырды.

Бүгінгі күні аудан бойынша  ауылшаруашылық тауар өнімдерін шығарушы 745 қожалық болса, оның ішінде сүт бағытындағы тек «Өрнек» ЖШС.

«Өрнек» ЖШС ауданымыздағы ең ірі шаруа қожалықтарының бірі. Биылғы жылдың өзінде  Германиядан 349 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Күнделікті «Өрнек» ЖШС 10-11 тонна сүт өнімдерін өндіреді.

Аудан басшысы «Өрнек» ЖШС жұмысымен таныса келе, алдағы уақытқа жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсететінімді атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив