Семей қаласының әкімі Таткрай, Казкрай, Орталық тұрғындарымен кездесті
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігіндегі тұрғындармен кездесу өткізді.
Жиын басталмас бұрын қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап кеңес берді. Кездесуде ең алдымен қала әкімі 2022 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды көпшілікке таныстырды.
Қала әкімінің баяндамасы аяқталғаннан кейін, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды да қойды. Сұрақтардың ішінде көктемгі су тасқынының алдын- алу, қаңғыбас иттерді аулау, қосымша қоғамдық көлік маршруттарын қосу, жолдарды асфальттау сынды мәселелер қойылды.
Айта кетейік, қала әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.