Семей қаласының әкімі шалғайдағы шағын аудан тұрғындарымен кездесті
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Кирпичный, Жоламан, Суық бұлақ кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиын басталмас бұрын қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап кеңес берді. Кездесуде ең алдымен қала әкімі 2022 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды көпшілікке таныстырды.
Қала әкімінің баяндамасы аяқталғаннан кейін, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды да қойды. Сұрақтардың ішінде көктемгі су тасқынының алдын-алу, қаңғыбас иттерді аулау, қосымша қоғамдық көлік маршруттарын қосу, Кирпичный көшесін асфальттау сынды мәселелер қойылды.
”Қойылған сұрақтарыңыз өте орынды. Бірақ барлық жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әкімдік тарапына келіп түскен барлық сұрақтар, ескертулер, ұсыныстар талданады, бірде-бір мәселе қараусыз қалмайды. Кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.
Тағыда оқыңыз
2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайдыМинистрлермен және әкімдермен кездесулер кезінде азаматтар 1,5 мыңнан астам проблемалық мәселені көтердіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ