Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті

2-10-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген жиыны өтті. Жиынға барлық бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде әр бөлімнің ағымдағы мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, қала әкімі бас инспекторлардың қаланың шеткері аумақтарында атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдады. Сондай-ақ, жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша жобаларды жүзеге асыру мәселелері, атап айтқанда Бобровка, Водный, Восход аудандарында су құбырының құрылысы, жолдарды жөндеу және қаланың шет аймақтарын абаттандыру жөнінде талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов шеткі аудандарды абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив