Семей орманынан жүйелік кемшіліктер анықталды - Абай облысының прокуратурасы
Облыс прокуратурасы "Семей орманының қорын сақтау" жобасын жүзеге асыруда.
Жоба басталар алдында Абай облысының прокуратурасы "Семей орманы" резерватының қызметіне тексеру жүргізді, орманды сақтау, қорғау және молықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кезінде жүйелі бұзушылықтар мен мәселелер анықталды.
Тексеру нәтижелері барлық мүдделі органдардың, оның ішінде Орман шаруашылығы комитетінің қатысуымен алқа отырысында талқыланды, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар Министрлігінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Бүгінгі таңда жүйелік кемшіліктерге кінәлі резерват пен оның филиалдарының басшылары жұмыстан шығарылды, ұрлау мен теріс пайдаланудың 3 фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде.
Резерватты дамытудың 2030 жылға дейінгі жол картасы әзірленді, жаңа орман орналастыру жобасын дайындау рәсімі басталды.
Орман шаруашылығын дамытуға бағытталған бұл негізгі құжаттар 2014 жылдан бері жоқ.
Орманды іске асыру рәсімі автоматтандырылған, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді (бұрын қызмет қағаз жүзінде көрсетілген).
Дөңгелек ағашты сатуға тыйым салынды және сату бағасы нарықтық құнға сәйкестендірілді. Бұрын ағаш 2 немесе одан да кем бағамен сатылатын. Осыған байланысты жыл сайын шамамен 500 млн теңге түсім тапшы болды.
Орманды тиімді сақтау, қорғау және оны молықтыру үшін Экология министрлігі 5,6 млрд. теңгеге бюджеттік өтінімдер берді.
Облыс прокуратурасы жоба бойынша мүдделі органдармен және ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп орманды қорғау және молықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін нақты мақсаттар мен мерзімдерді көрсете отырып, қадамдық кешенді жоспар жасады.
Резерват қызметінің негізгі бағыттары анықталды, бұл - "Семей орманы" аумағының ормандылығын ұлғайту, заңсыз кесулерді, өрттердің саны мен алаңдарын азайту, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы.
Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі