Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

«Басты мақсат - проблемаларды шешу» - Савет Исабеков

11-03-2023, 09:24 018.kz

№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Савет Исабеков өзінің басты мақсаты өмірлік және кәсіби тәжірибесіне, сондай-ақ округ тұрғындарының айтқан мәселелері мен ұсыныстарына негізделген «Жаңа Қазақстан, Жаңа адамдар, Жаңа қадамдар» сайлауалды бағдарламасын іске асыруды айқындайды.

Кандидат алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасауға, сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге жәрдемдесуге ниетті. 

«Егер Сіз маған сенім білдіріп, біздің қаланың мәслихатында өз өкіліңіз ретінде сайласаңыз, онда мен өзіме жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, оларды шешуге тырысамын», - деп атап өтті кандидат.

Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив