Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды

7-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Сағат 14.30-да Павлодар облысы, Баянауыл ауданы аумағында жалпы ауданы 10 000 га дала өрті оқшауланды.

Сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ.ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің құтқарушылар топтары, орман шаруашылығы қызметтері және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты.

Оқшаулауға 239 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Барлығы 64 тонна су көлемінде 29 төгінді шығарылды. Су Шалқаркөл көлі  және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.

Қазіргі уақытта шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив