Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде «Ұшқын» жас әдебиетшілер байқауы өтті

24-10-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Ұшқын» жас әдебиетшілер байқауы ұйымдастырылды.

Бұл байқау қазақ халқының ұмытылып бара жатқан рухани мұраларын, шешендік өнері мен проза жанрын жаңа деңгейде насихаттауды мақсат етті. 

Әдеби байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасының құрамында шығармашылық салада, қоғамдық ортада белсенді қызмет етіп жүрген ақындар мен жазушылар болды. Олардың қатарында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Қайрат Ахмер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылары Одағының Абай облысы филиалының төрағасы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры, ақын Мерей Қарт, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Бауыржан Игілік, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «018.kz - Abai Aqparat» порталының және «Qazaqstan dauiri» газетінің тілшісі Сәтжан Қасымжанұлы, Абай облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы, ақын Азамат Қажыбай бар.

Байқау екі бөлімнен тұрды. I бөлім – Эссе жазу және шешендік өнер болса, II бөлім – Жас ақындар мүшәйрасы болды.

Эссе жазу және шешендік өнер бөлімі бойынша бірінші орынды – Ерланқызы Нұрбибі (70 000 теңге ақшалай сыйақы), екінші орынды – Мүбарак Гүлден (50 000 теңге ақшалай сыйақы), үшінші орынды – Тоқтарбекұлы Әкежан (30 000 теңге ақшалай сыйақы) иеленді.

Ал жас ақындар мүшәйрасы бойынша бірінші орынды - Ұлан Нұрболұлы (70 000 теңге ақшалай сыйақы), екінші орынды – Қадылханова Еркежан (50 000 теңге ақшалай сыйақы), үшінші орынды – Үмітхан Ерасыл (30 000 теңге ақшалай сыйақы) қанжығасына байлады.

Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл байқау жас әдебиетшілерді қолдауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды шара болғаны сөзсіз. Сондай-ақ, жас қаламгерлер мен өнерпаздарға жаңа шабыт беріп, олардың шығармашылық дамуына серпін берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив