Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті

25-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

25 қазан күні Республика күніне орай Семейде әлеуметтік маңызы бар тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде семейліктер сүт және ет өнімдерін, көкөністер, балық, бал, кондитерлік өнімдер және тағы басқа көптеген тауарларды сатып алды.

Атап өтетін жәйт, азық-түлік тауарлары көтерме бағамен және өндірушілердің өзіндік бағасымен сатылды.

Өнімдерін 20-дан астам кәсіпкер, соның ішінде «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Семей» және «Агрофирма Приречное» ЖШС ұсынды.

Қалалық жәрмеңке семейліктерге сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін берді, ал тұрғындар отандық тауар өндірушілерді қолдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив