Абай облысында жастар ресурстық орталықтары мың жасты жұмыспен қамтамасыз етті
Бесқарағай ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХХ жұмыс маусымы қорытындыланды.
Өңір жастары 395,6 гектарға жуық аумақты қамтып, жасыл желектерді күтіп-баптау, көшелерді тазалау және санитарлық тазарту жұмыстарын атқарды.
Сондай-ақ, ағаштар мен жиектер әктеліп, қоршаулар сырланып, қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттыруға үлес қосты.
Маусым барысында бірқатар экологиялық науқандар ұйымдастырылды. «Таза ауыл», «Саябақтар шеруі», «Таза өзен, таза жағалау», «Қарттарды ардақтаймыз» сияқты шаралар аясында табиғатты қорғау, елді мекендерді көркейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» жасақтары арасында ұжымдық рухты нығайту мақсатында Үржар, Аягөз және Абай аудандарында спорттық жарыстар өткізіліп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.
ХХ маусым үздіктері анықталды:
• Үздік сарбаз (ер) – Варфоломеев Егор (Бородулиха ауданы)
• Үздік жасақ командирі (ер) – Саятұлы Данияр (Аягөз ауданы)
• Үздік жасақ командирі (әйел) – Керейбаева Тоғжан (Семей қаласы)
• Үздік жасақ – Көкпекті ауданы
• Үздік жұмыс беруші – Жарма ауданы
• Үздік акция – Үржар ауданы
• Үздік штаб – Абай ауданы
• Үздік медиа штаб – Бесқарағай ауданы
• Үздік аудан – Ақсуат ауданы
Жастарымыздың еңбегінің арқасында облысымыз көркейіп, табиғатымыз жаңғыра түсті. Олардың жасаған еңбегі — болашақ ұрпаққа қалдырған аманат. «Жасыл ел» арқылы жастарымыз экологияға қамқор болуды үйреніп қана қоймай, ортақ игілікке қосқан үлестерін мақтан тұтуда.