Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады

4-11-2024, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 105,3 пайызды құрады. Ең көп өсім құрылыста – 131,6%, өнеркәсіпте – 102,6%, ішкі саудада – 110,5%, ауыл шаруашылығында – 106,4% тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.

237,1 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.

Меншікті кірістер 126,5 пайызға өсіп, облыс бюджетіне 294,9 млрд теңге түсті. Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құрады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шараны қамтиды. 2024 жылы 74 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның 7-і аяқталды. 2028 жылға дейін 23 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Нәтижесінде 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта 6 жоба жүзеге асырылып, 225 жұмыс орны ашылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив