Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Кандидат Асет Матаев Жоламан кентінің тұрғындарымен кездесті

14-03-2023, 14:18 018.kz

№1 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясы атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Асет Матаев Жоламан кентінің тұрғындарымен кездесті.

Кандидаттың ең бірінші кезекте алдына қойып отырған міндеті, ол – білім сапасын жақсарту. Қазіргі таңда білікті кадрлардың саны азайып, біліксіз мамандардың саны артып барады. Оны болдырмау үшін кандидат бірқатар жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ, Асет Матаев балаларды спорттық, ғылыми және басқа да бағыттарда тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы жағдайларды қарастыру бойынша жұмыстарды жоспарлауда. Кент тұрғындарымен осы тұрғыда диалог орнатып, оны шешу жолдарын талқылады.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив