Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қала әкімі көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын салтанатты түрде табыстады

19-11-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы отбасы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Аталған отбасыларда 21 200 бала тәрбиеленуде.

Бүгін қала күні қарсаңында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға "Батыр ана" атағын салтанатты түрде табыстады.

«Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив