Әлихан Бөкейхан Университетінде «Күміс Университет» жобасының тұңғыш түлектеріне құрмет көрсетілді
14 наурыз Қауышу күні қарсаңында Әлихан Бөкейхан Университетінде «Күміс Университет» жобасының алғашқы түлектеріне сертификаттар табыстау салтанаты өтті.
«Күміс Университет» жобасы зейнет жасындағы және егде тартқан адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған. Бұл – университеттің үшінші миссиясын іске асыруы ғана емес, өмір бойы білім алу концепциясын іс жүзіне асыруының жарқын үлгіс
Іс-шара барысында «Зейнет жасындағы адамдарға арналған цифрлық сауаттылық», «Саяхатқа арналған ағылшын тілі», «Психотерапия – АРТ-терапия» курстары және «Скандинав жүрісі» үйірмесі бойынша оқуын сәтті тамамдаған 46 қатысушыға сертификаттар табысталды
Сертификат табыстау рәсіміне оқу орнының әлеуметтік серіктестері – қалалық Достық Үйінің, «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ, облыстық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сонымен қатар университет ардагерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара үздіксіз білім алу қоғамның барлық топтарға бірдей қажет екендігін айқындаған айтулы оқиға болды
«Күміс Университет» жобасын Бөкейхан Университетінің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында жүргізіп келеді
Жоба толықтай Университеттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. Жоба курстарын университет кафедраларының жетекші оқытушылары жүргізуде
Зейнет жасындағы адамдар жоба аясында түрлі бағыттағы оқыту курстарында тегін білім алып, сауықтық үйірмелерде өз денсаулықтарын жақсарта алады
Оқыту бағдарламасын педагогика және психология саласының жектекші мамандары әзірлеген. Жобаға қатысушы азаматтар курстар мен үйірмелерді өз қызығушылықтарына сәйкес таңдай алады.
Оқыту Әлихан Бөкейхан Университетінің кампусында, ыңғайлы да жайлы жағдайларда жүргізіледі. Қатысушылар жаңа білім мен жаңа дағдыларды игеріп қана қоймай, өзара қарым-қатынас жасап, бос уақыттарын тиімді де пайдалы өткізуде. Сонымен қатар, жобаға қатысушылар университет кітапханасы, компьютерлік класстар, спорт және тренажер залдарын еркін пайдалана алады
Курс аясындағы қарым-қатынас қатысушылардың көңіл күйіне де жақсы әсерін беріп, белсенді де берекелі ғұмыр кешуге жағдай жасауда
Білім беру бағдарламаларының қатары кеңейіп, қатысушылар саны күннен күнге артуда. Бүгінде «Күміс Университет» жобасы белсенді азаматтық ұстанымы бар, өз өмірі мен қоғам өмірін жақсартуға ұмтылатын азаматтар қауымдастығын құрып үлгерді
Осылайша «Күміс Университет» зейнет жасындағы адамдардың өмір сапасын арттыруға оң әсерін беретін бірегей жоба екенін дәлелді. Жоба жоғары оқу орнының әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асырып қана қоймай, адамның қай жаста да өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасайтын мүмкіндіктер туғызуда.