Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Семей әкімдігінде кеңейтілген аппараттық жиын өтті

20-11-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Кеңес барысында бюджет қаражатын игеру, облыс және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау, қаланы қысқы кезеңге безендіру және басқа да ағымдағы мәселелер қаралды.

Ұйымдастыру және инспекторлық бөлімі басшысы Ербол Саркучиковтың айтуынша, космомониторинг арқылы анықталған 102 қоқыс үйіндісінің 78-і тазартылды. Нұрбол Нұрсағатов осы аптаның соңына дейін қалған 24 қоқыс үйіндісін түпкілікті жоюды тапсырды.

Бұдан бөлек, ЖКХ бөлімі мен транспорт бөлімдеріне жолдарды қардан тазарту, қажет болған жағдайда инертті материалдар себу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды. Жиын қорытындысы бойынша хаттама түріндегі тапсырмалер берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив