Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Құсайнов Азаттың сайлауалды бағдарламасы

13-03-2023, 11:30 018.kz

ӨМІРБАЯН:

Құсайнов Азат Оразаевич, 20.01.1983 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, туған. 1989-2000 ж.а. Семей қаласының № 33 орта мектебінде оқығанмын, үш жоғары білімім бар: Орта – Азия Университет (заңгер, үздік диплом), Шәкәрім атындағы СМУ қаржыгер, КазГЗИУ (құқық ғылымдарының магистрі), әскери міндеттілер (запастағы аға лейтенант). 

Бала кезімде әкемнен ерте айырылып, көп балалы отбасында дүниеге келдім. Інілерім және әпкелеріме көмектесіп, «аяққа тұрғыздым».   Үш баланың әкесімін. 

Ақырғы 15 жыл № 6 округтін аумағында тұрамын, сондықтан осы аумақтын проблемаларын жақсы білемін. Менің балаларым осы аймақта оқиды, тұрады және ойнайды, сондықтан осы аймақтын дамуы және бағдарламамның орындалуы маған ерекше маңызды. 

Заң және қаржы саласындағы 20 жылдық тәжірибем бар. Еңбек жолын әскери мекемелерде әскери заңгер, "ҚТЖ" ҰК АҚ-да, "Банк ЦентрКредит" АҚ-да, "Еуразиялық банк" АҚ-да заңгер және қаржыгер болып істедім, соңғы 5 жылда заң бөлімінің бастығы және "Jusan Bank"АҚ-да бөлшек бизнес жөніндегі Директор болып жұмыс істедім. Қоғам жұмысымен айналастым, атап айтқанда: жастарға тәрбие беру жұмысы, халыққа әлеуметтік көмек көрсету жұмысы (2000жылдары  «Жастар таңдауы» ҚБ басшысы болдым, «Жастар және балалар ұйымыныңда» қоғамдық жұмыста болдым, тағы айта кетсе, Комсомол кентінің белсендісі болдым, су және электр мәселесін шешуге біраз күш қостым).

Мен өзім бұрын депутаттарға дауыс бердім, содан кейін олардың әрқайсысы жоғалып кетті, проблемалар жылдан жылға ауыса берді, осы стереотипті бұзуды тілеймін, қолжетімді боламын. Менің тарапымнан үнемі кері байланыс, сіздермен және билік арасында байланыс болады. Қалалық мәслихат депутатының өкілеттігін пайдалана отырып, № 6 округтің келесі мәселелерін шешуге барынша күш салатын боламын ("Шағала" ауданы, "Нахаловка" ауданы, Цемпоселок, Шпалзауыты, 14 шағын аудан, 905 құрылыс, Үш бұрыш, Комсомол кенті, 66 квартал):

МЕНІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМ: «Сөзбен емес, іспен дәлелдеймін!», «Бірігіп көтерген жүк женіл».

№ 6  ОКРУГТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН (участки № 34, 36, 27, 28, 31) БІРГЕ ШЕШЕМІЗ:

-        Қалалық транспорт мәселесі (автобустар жеткіліксіз, ерте маршрут ақталады)

-        Округ бойынша саябақтың, аллеяның, жағажайдың болмауы;

-       Ішкі көшелердің «жан түршігерлік» жағдайы, тұрғын үйлердің абаттандырылмаған аулалары (жолдар жоқ, люктер жоқ, көгалдандыру жоқ, бардюралар мен тротуарлар тозған, алаңдардағы резеңке жабынның және аулаларда "жатқан полицейлердің" болмауына байланысты балалар жарақаты);

-        Балалар, воркаут, спорт алаңдары, футбол және хоккей алаңдары жоқ;

-  Лифт шаруашылығының қорқынышты жағдайы, үйлер мен жертөлелердің шатырлары мәселесі, ескі үйлерді толық қайта қарау қажеттілігі, мемлекеттік жаңғырту бағдарламасына енгізу.

-        Қоқыс мәселесі, қоқысты шығару проблемалары (уақтылығы, жүйелілігі, сапалылығы маңызды);

-        Ғимараттың қасбеттерін жөндеу, облыс орталығына жаңа заманауи көрініс беру;

-        Көшелер мен аулаішілік көшелерде жарықтандырудың болмауы;

-        Округті бейнебақылау жүйесімен жеткілік қамтамасыз ету;

-        Тұрақ мәселесі (болмауы және жеткіліксіздігі);

-        Жолдар уақтылы тазаланбайды, кәріз жүйелері жұмыс істемейді, нөсер жүйелері жоқ;

-        Сумен жабдықтау, жылыту жүйелерінің проблемалары;

-        Бірінші қажеттіліктегі тауарларды сату бойынша әлеуметтік дүкендердің болмауы;

-        Медицина, білім беру, спорт, әлеуметтік сала мәселелері;

-   Қалалық және облыстық бюджеттің атқарылуын оның шығыс бөлігінің барлық қаражаты біздің қала тұрғындарының игілігі үшін пайдаланылатындай етіп бақылау;

-     Көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге лайықты өмір сүру құқығын іске асыруға мүмкіндік беру үшін әлеуметтік қорғауды арттыруға және жеңілдіктерді кеңейтуге қол жеткізу;

-      Өңірде жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

-        Бұқаралық спортты дамыту мақсатында тегін спорттық секциялар мен үйірме ашу;

Құрметті жерлестер, "Шағала" ауданы, "Нахаловка" ауданы, Цемпоселок, Шпалзауыты, 14 шағын аудан, 905 құрылыс, Үш бұрыш, Комсомол кенті, 66 квартал (сайлау учаскелері № 24, 26, 27, 28, 31): Мен сіздің коршінмің, халықтың кандидатымын, мен үшін берілген әрбір сайлаушының дауысын бағалаймын. Сіздермен бірге біз № 6 округтің тұрғындары үшін лайықты жағдай жасаймыз.

Халық қалаулысы ретіндегі басты міндетім-азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту, олардың мүдделерін қорғау.

Мен Facebook және Instagram-да @azat.orazay парақшаларын жүргіземін, онда сіз менің Халықпен кездесулерімнің кестесін таба аласыз, өз сурақтарыңызды қойып, заңгер мен қаржыгердің кеңесін және басқа мамаңдардың кеңесін ала аласыз. Мен әрқашан Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызға қуаныштымын, оларды жүзеге асыра отырып, біз жақсы өмір сүре аламыз.

Баршаңызды 2023 жылғы 19 наурызда сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын. Өз көршіңізге, халық кандидатына дауыс беріңіз, дұрыс таңдау жасаңыз, сіздің таңдауыңыз өзіңіздің және жаң ұяңыздың өмірің өзгертеді.

Құрметпен, Азат Қусайнов

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив