Семейде қысқы кезеңге дайындық және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары талқыланды
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен қала бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшылары, Абай облысы ТЖ департаменті, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, «Су ресурстарн пайдалану мен қорғауды реттеу бойынша Ертіс бассейндік инспекциясының өкілдері, сондай-ақ әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.
Отырыс барысында 2024-2025 жылдарға арналған қысқы кезеңге объектілердің (жылу, су электрмен қамту) және көлік инфрақұрылымының дайындық жағдайы, сондай-ақ Ертіс өзеніндегі мұз қату кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары. Сонымен қатар, жиын барысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жедел сатылардың жағдайы мен 2025 жылғы су тасқынына дайындық мәселелерін талқыланды.
Тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық қатынастары бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова қала әкіміның тапсырмасы бойынша Бейбітшілік аралында (Бейбітшілік аралы, 3А үй, 1-2 пәтер) орналасқан ағымдағы жылы екі пәтерлі тұрғын үйді сатып алу туралы есеп берді. Бұл үй су тасқыны мен өзен деңгейінің көтерілуі кезінде су астында қалуға бейім қауіпті аймақта орналасқан болатын.