Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Кандидат Ермек Мурумбаевтың сайлауалды бағдарламасы

14-03-2023, 15:12 018.kz

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ - БАЛА!

1. Ұлттық дүниетаныммен тығыз байланыста қылып өз ұлттық тәрбие моделін қалыптастыру.

Жапондық тәрбие жүйесін негізге ала отырып, тағылымды тәрбиенің төрт тағаны қалыптасуы қажет. Олар:

1. Ата-анаға құрмет жасау арқылы – үлкенді сыйлау, отбасын сақтау.

2. Жақсының сөзін тыңдау, сұлулықты сезіну, өнерді сүю, көркем әдебиетті оқу.

3. Адал еңбек ету, білім мен ғылымға құштарлық, жаңалық жаршысы бола білу.

4. Білдім демей, білгім келеді деумен өмір сүріп әр уақытта дүние тылысымы мен құпиясын білуге құштар болу.

2. Қазақ еліне өз ментальитетіне тән білім модельін табу.

Әлемдік білім беру жүйесін зерделеп,қажетін алып өз ыңғайымызға сәйкестендіріп ел білім жүйесіне енгізу.

3. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Мектептерге тендермен құрал-жабдықтар сатып алу барысында құрал-жабдықтардың бағасына емес сапасына назар аудару.

4. Еңбекке баулу мен денешынықтыру пәндеріне көзқарасты өзгерту.

Жазғы демалыс уақыттарында балаларды мектеп үлескесінде және табысты кәсіпорындарда еңбек практикасын ұйымдстыру.

Оқушылардың денешынықтыру,балалар спортына қызығушылығын арттыру үшін спорттық дәрежелеріне сай төсбелгілер шығарып (Спорт шебері,спорт шеберіне үміткер,1 дәрежелі,2дәрежелі,3 дәрежелі) нәтижеге жеткен жас спортшыларды марапаттау.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив