Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ІІМ: 75% респондент қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді

18-03-2023, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын әзірлеу барысында ІІМ тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, азаматтар арасында онлайн сауалнама жүргізді. Сауалнамада тұрғындар қауіпсіздігі және құқықтық тәртіпті қорғауға қатысты өзекті мәселелер қозғалды.

Сауалнамаға 4,5 мыңнан астам адам қатысты. Респонденттердің соңғы 3 жылдағы жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезінуіне қатысты нақты қойылған сұрақтарға  жауаптарын талдау сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі өздерін қауіпсіз сезінетінін, оның ішінде 63%-ы тәуліктің қараңғы уақытында ыңғайсыздықты сезінбейтінін көрсетті.

Осы ретте, оқиға немесе қауіп төнген жағдайда респонденттердің басым көпшілігі – 85% полицияға жүгінуге ниетті екені көрініп отыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге 3,4 мың респондент – 75% дайын екенін білдірді. Мемлекеттік сектор қызметкерлері арасында бұл көрсеткіш одан да жоғары – 83%.

Қауіпсіздік проблемаларын саралағанда интернет-алаяқтық, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық, есірткі сату, оның ішінде кәмелетке толмағандарға автокөлікті мас күйінде жүргізу және жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім, буллинг және балаларға қатысты зорлық-зомбылық ең басты қауіп көздері болып саналатыны анықталды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларды, оның ішінде жұмыссыздық деңгейін төмендету, құқықтық сауаттылықты арттыру, халықтың білімі мен мәдениетін шешу қажеттілігі көрсетіледі.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың даму үйірмелері мен секцияларына қол жеткізу, бұрынғы сотталғандарды жұмысқа орналастыру және оларды әлеуметтік жағынан бейімдеу, нашақорлықтан, алкоголизмнен және агрессиядан тегін емделуіне жағдай жасау, осал топтардың әлеуметтік қорғалуына кепілдік беру қажеттілігі атап өтілді.

Бұл мәселелерді шешу 2024-2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен бірге қамтамасыз ету тұжырымдамасында көрсетілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив