Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Үміткер Арман Төлеуханов «Семавтопарк» ЖШС ұжымымен кездесті

3-12-2024, 11:28 018.kz

Семей қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Арман Төлеуханов «Семавтопарк» ЖШС ұжымымен кездесіп, өзінің «Халықпен бірге – жарқын болашаққа!» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесу барысында Арман Төлеуханов өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларын жан-жақты түсіндірді. Ол қоғамдық көлік қызметін жетілдіру, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін баса айтты.

Сонымен қатар, үміткер ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың жұмыстағы өзекті мәселелері мен күнделікті кездесетін қиындықтары жайлы білді. Қоғамдық көлік саласындағы негізгі проблемалар – жалақының деңгейі, техникалық жабдықтардың жағдайы және еңбек қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауға уәде берді.

– «Біздің болашағымыз – әрбір тұрғынның әл-ауқатына байланысты. Сіздердің мәселелеріңізді шешу үшін белсенді жұмыс істеймін және сіздердің дауыстарыңыз – ортақ жетістігіміздің негізі», – деп атап өтті үміткер.

* №11 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер А. Төлеухановтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив