Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

4-12-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Ғапуов Айбек Еркінұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Айбек Еркінұлы 1994 жылы 5 шілдеде Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген.

2015 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін, 2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан студенттерінің Альянсы облыс көшбасшысынан бастап, әр жылдары Семей қаласының жастар ресустық орталығының әдіскері, маманы, директорының м.а., Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде инспектор, маман, бөлімнің бас маманы, Абай облысының қоғамдық даму басқармасы дін істері бөлімінің басшысы және осы қызметке дейін Абай облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив