Цифрлық министрліктің өкілдерді СҚО тұрғындарымен кездісу өткізді
2024 жылғы 6 желтоқсанда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Вице-министр Коняшкин Ростислав Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады. Өз сөзінде вице-министр мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру саласындағы министрліктің қызметі мен жетістіктері туралы айтты.
Кездесу барысында вице-министр мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық форматта ұсынылады, оның 90,8%-ы eGov Mobile платформасында қолжетімді. Цифрлық шешімдерді интеграциялау нәтижесінде 42,3 млн қызмет проактивті форматта ұсынылды, бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға баруын қажет етпейді.
Қазақстан онлайн қызметтерді дамыту бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді. Сандық құжаттарды танымал ету қағаз құжаттарды пайдалануды азайтып, азаматтардың өмірін жеңілдетуде. Қазірдің өзінде 34 сандық құжат қолжетімді.
«Invisible Government» тұжырымдамасы аясында бюрократиялық процестер айтарлықтай қысқартылды: рәсімдер саны 605-тен 175-ке, ал мемлекеттік органдарға бару саны 119-дан 21-ге дейін азайды.
«Біз азаматтардың артық әрекетсіз қызмет алуына жағдай жасауға тырысамыз. Мысалы, бала туылған кезде, мемлекет ата-аналарды SMS арқылы құттықтайды. ЖСН, туу туралы куәлік және жәрдемақы автоматты түрде рәсімделеді», – деп атап өтті вице-министр.
Вице-министр цифрландырудың азаматтарға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бастамаларды ерекше атап өтті:
- 800 мыңнан астам әлеуметтік маңызды қызмет цифрландырудың көмегімен көрсетілді;
- «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілуде. Қазіргі уақытта пилоттық режимде екі қызмет іске қосылды: тегін дәрі-дәрмек пен мектеп оқушыларына тегін тамақтану;
- Азаматтардың медициналық деректері енді e-Densaulyq сервисі арқылы қолжетімді.
Министрліктің маңызды бағыттарының бірі – өңірлерді цифрландыру. Петропавл қаласында коммуналдық қызметтерді автоматтандыру үшін Sqoqyzmet.kz бірыңғай порталы іске қосылды, оның көмегімен 2,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтармен жедел байланыс орнату үшін 109 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, жыл басынан бері орталыққа 55 мыңнан астам өтініш түскен. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде: облыс аумағында 41,7 мың камера, сондай-ақ 7 SOS батырмасы орнатылған.
Сонымен қатар, вице-министр өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысы үшін өзекті мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Ростислав Анатольевич пен Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы интернетті кеңейту және оны дамыту жоспарлары туралы айтты.
Сондай-ақ,вице-министронлайнрежиміндеазаматтардыжекеқабылдаудыөткізді.AstanaHub-пен өзараіс-қимыл бойынша сұраққойылды, өтінішкетиістіжауаптар берілді.