Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Тыл ардагері Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен Мәслихаттарын сайлауда дауыс берді

19-03-2023, 14:49 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында сайлау жалғасуда. Таңертең тұрғындар сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасауда. Денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтар үйде дауыс бере алады. 

«Сайлауға өз бетімен келе алмайтындар үшін біз сайлау жәшіктері мен бюллетеньдерді үйлерге апарамыз. Аға буын арасында дауыс бергісі келетіндердің көп болғаны бізді қуантады. Бұл жастар үшін жақсы үлгі», - дейді 1 сайлау учаскесі төрағасы Мұратжан Тулаков.

Бүгін үйден шықпай-ақ өз таңдауын жасағандардың бірі Тыл ардагері болды.

«Мен сайлауға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Бұл бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасаймыз», - дейді Мұрат Әбішов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив