Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 108%-ға орындалып, 7,2 трлн теңгені құрады

18-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында 2024 жылдың 11 айындағы қаржы жылының қорытындысын ұсынды. Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңге болды, бұл жоспардың 90%-ын құрайды. Республикалық қазынаға 11,8 трлн теңге немесе жоспарланған қаржының 82%-ы түсті.

Вице-министрдің айтуынша, негізгі орындалмау жоспардың 76%-ын құрайтын салық түсімдерінің төмендеуіне байланысты.

«Жоспарды орындамаудың негізгі себептері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде үшінші елдерден импорт көлемінің 6,5%-ға немесе $2,3 млрд-қа азаюына; негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуіне байланысты, бұл өз кезегінде 602 ірі салық төлеушілер бойынша аванстық төлемдер сомасының 267 млрд теңгеге төмендеуіне әсер етті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 2,5 есе ұлғайып, 981 млрд теңгені құрады. Соған қарамастан салықтар бойынша атқарылмау салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен өтелді», — деп атап өтті Ержан Біржанов.

 Жергілікті бюджеттерге келетін болсақ, олардың өз кірістері 108%-ға орындалды және 7,2 трлн теңгені құрады. Жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 26,5%-ға өсті немесе 1,5 трлн теңгеге көп түсті. 

Бюджет шығыстары бойынша: мемлекеттік бюджет жоспарланғаннан 94%-ға, республикалық – 96%-ға, жергілікті – 92%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 20,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді, мұнда әлеуметтік бағыттың басымдығы сақталып қалды.

Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерге:

  • зейнетақы мен жәрдемақыға - 5,2 трлн теңге ;
  • өңірлерге субвенцияларға – 4,8 трлн теңге;
  • міндетті медициналық сақтандыру қорына – 1,6 трлн теңге жұмсады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 13 трлн теңгені құрады. Шығыстардың негізгі үлесі:

  • әлеуметтік салаға - 6,6 трлн теңге (51%);
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 1,9 трлн теңге (14,6%);
  • көлік және коммуникацияға – 1,2 трлн теңге (9,3%);
  • ауыл шаруашылығына – 750 млрд теңге (5,7%) бағытталған. 

Бюджетті атқарудың маңызды компоненттерінің бірі – мемлекеттік сатып алу процесі болып саналады. Оның көлемі 8,8 трлн теңгені құрады. Өткен есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудан үнемдеу есебінен бюджет қаражатын оңтайландыру 840 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, 6,9 трлн теңге бюджет қаражатына 1 460 аудиторлық іс-шара өткізілді. Шамамен 271 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде 221 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар күшін жойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив