Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
514.93 536.04 5.18

Өңірдегі аудандарда алты қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынбақ

Кеше, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырзаның қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. 

Басқарма басшысы ағымдағы жылдың 11 айында атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндама жасап, алдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша қолданыстағы экологиялық заңнамаға сәйкес басқарма үш жылдық перспективаға арналған қоршаған ортаны қорғау жоспарын әзірлеген. Жоспар қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы түсімдерінің сомасы есебінен іске асырылады екен. 

- Басқарманың үш жылдық жоспары шеңберінде Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай аудандарында және Ақсуат ауданында 6 ҚТҚ полигонын салу көзделген. Бүгінгі күні ҚТҚ-ның 3 полигоны бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Ақсуат ауданы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін Экология министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды, - деп атап өтті Айнұр Ақмырза.

«Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ – ның 2024 жылғы ғарыштық мониторингінің деректері бойынша облыс аумағында қалдықтар жиналатын 266 орын анықталған.

- Бүгінгі жағдай бойынша «Ғарыш сапары» порталында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша енгізілген мәліметтерді ескере отырып, Абай облысы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің 100% - ы жойылды. Осыған сәйкес облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына өңірдің 109 мыңнан астам тұрғыны қатысып, 104,8 мың аула, 239 саябақ пен сквер, 385 ескерткіштің аумағы тазартылды және 765 шаршы метр төсеніш жөнделіп, ауыстырылды, - деді спикер.

Басқарманың алдағы жылға жоспары бойынша Көкпекті, Бесқарағай, Абай аудандары мен Ақсуат ауданының су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін орнату. Бұл жоспар өз кезегінде Абай облысының барлық аумағын қамтудың 80% - дан астамын құрайды.

- Бұдан басқа, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп облыстың су объектілерінде жаппай демалу және туризм орындары анықталды. Облыс бойынша барлығы 12 орын белгілен. Қазіргі уақытт, арнайы қаулыға сәйкес шомылу орындарын 12-ден 24-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, - деп қосты басқарма басшысы.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 12 су айдыны бойынша зерттеу жұмыстары аяқталып, су айдындарының биологиялық негіздемелері мен паспорттары жасалған.

- Биологиялық негіздемеге сәйкес 9 су айдыны балық шаруашылығына жарамды деп танылды. Бұдан басқа, «Аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасын іске асыруға ағымдағы жылы 10,4 млн.теңге бөлінген болатын. Қазіргі уақытта келіп түскен өтінімдер бойынша оның 9,9 млн.теңгесі игерілді, - деп қорытындылады Айнұр Ақмырза.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив