Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қала әкімі Талғат Мұратов Бобровка және Мұрат саяжай массивтерінің тұрғындарымен кездесті

27-12-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Талғат Мұратов Бобровка және Мұрат саяжай массивтерінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, электр желілерінің құрылысын аяқтау мәселесін талқылады. Кездесу конструктивті түрде өтті, барлық өзекті мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Массивтер аумағында 4 500 бағана орнатылып, кабельдік желілер тартылған, жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, Мұрат саяжайында 4 трансформаторлық подстанция және Бобровка саяжайында 6 трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі Талғат Мұратов өз сөзінде саяжай массивтерін тұрақты электрмен жабдықтау мәселесінің өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив