Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

27-12-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңіріміздегі БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу еркін форматта өтіп, ашық диалог орнады. Аймақта атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында БАҚ өкілдері облысымыздағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты тақырыптарды қозғап, тұрғындарды толғандырған мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы қойылған сауалдарға жауап беріп, БАҚ қоғам мен билік арасындағы алтын көпір екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, әкім журналистердің кәсібилігі үшін алғысын білдіріп, алдағы жаңа жылда шығармашылық табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив