Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
520.27 537.65 5.24

Данияр Қайырханұлы Шәкәрімов Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды

28-12-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы 1981 жылы 15 ақпанда Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген.
Семей қаласындағы Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін «Қайнар» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Семей қаласының Наркологиялық диспансерінің материалдық тобының бухгалтері болып бастады.
2003-2004 жж. - «Алтын төбе» тау-кен өндіру кәсіпорны жабық акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық бөлімінің менеджері.
2004-2013 жж. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы.
2013-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша посткедендік бақылау департаменті Кедендік инспекция бөлімінің жетекші маманы.
2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.
2016-2018 жж. «KAZTYRE» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы.
2018-2019 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары.
2019-2021 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы.
2022 жылдың мамырынан қараша айына дейін Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
2022 - 2023 жж. Семей қаласының әкімінің орынбасары.
Тағайындалғанға дейін Семей қаласының мәслихатының төрағасы болған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив