Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Ақсуатта жарық шамдары ауыстырылды

6-01-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, ескіріп, істен шыққан жарық шамдар электр энергиясын үнемдейтін жарықдиотты шамдарға ауыстырылып жатыр.

Аудан әкімі Ерсін Ескендіровтің тапсырмасына орай Omarket.kz платформасы арқылы Қарағанды қаласынан 200 дана GEMERO-50 жарықшамдары сатып алынды. Ақсуат ауылындағы Бөрітастаған, Жаңаауыл, Ет комбинаты мөлтек аудандарындағы көшелерде ауыстырылды.

Тұрғындарға кешкі мезгілде қолайлы жағдай жасау үшін көшелерді жарықтандыру аудан көлемінде қолға алынуда. Алдағы уақытта ауданға қарасты елді-мекендерде жанып кеткен диодты жарықшамдарды ауыстыру жұмысы жалғаспақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив