Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
524.75 540.6 5.12

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда 2024 жылы оның орындалу қорытындысы мен осы жылға арналған жоспары қаралды.

Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық тәрбиені дамыту, тұрғындардың экологиялық сауатын арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру бойынша инфрақұрылымға халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлары тыңдалды.

Бірінші кезекте осы бағдарламаны іске асыруға жауапты әкімдіктердің жұмысына ерекше назар аударылды.

Роман Скляр «Таза Қазақстан» бастамасының еліміз үшін стратегиялық мәнін атап өтіп, оның еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы 2025 жылғы 3 қаңтардағы сұхбатында аталған бағдарламаны іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, әсіресе жергілікті атқарушы органдар тарапынан жауапкершілікті талап ететін ұлттық идеологияның маңызды бөлігі болуға тиіс екенін атап өтті», — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Кеңес қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив