Қала әкімі Шығыс кентіндегі «Қазпошта» бөлімшесінің жағдайымен танысты
Қала басшысы Талғат Мұратов жұмыс сапарымен Шығыс кентінде орналасқан «Қазпошта» бөлімшесінде болып қайтты. Іс-сапар барысында тұрғындар пошта ғимаратының тұрғындарға қолайсыз орналасқанын, оның аумағының тым тар, тұтынушыларға толық қызмет көрсетуге ыңғайсыз екенін жеткізді. Кенттегі бұл мәселені қала әкімі «Қазпошта» АҚ Абай облыстық филиалының директоры Нұрдәулет Лесбаевпен бірге мәселені тез арада шешуді талқылады.
Сонымен қатар филиал ішінде телефон байланысының тым нашар екені анықталды. Мәселенің шешімін табу үшін «Қазақтелеком» АҚ Шығыс өңірінің B2C сегменті сату орталығының басшысы Нұргүл Қозыбақова жағдайды сарапқа салып, байланыс сапасын жақсарту жолдарын ұсынды.
Шығыс кентінің тұрғындарына жайлы қызмет көрсету және пошта жұмысын жақсарту үшін пошта бөлімшесін ыңғайлы жерге ауыстыру алдағы уақытта қарастырылатын болады.