Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Азық-түлік бағасы бақылауда

27-01-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Мәселен, апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Қаламыздағы «Северный» сауда-логистикалық орталығында бұл жолы Жаңасемей ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады.

Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов аралап, сөредегі бағаларды қадағалады.

Жәрмеңкедегі өнімдер нарық бағасынан әдеттегідей төмен бағада сатылды. Мәселен, сиыр еті 2500, жылқы еті 2500-2700, картоп 240, қырыққабат 140, сәбіз 100 теңгеден саудаланды.

Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын, тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнімдердің ешбір делдалсыз сатылатынын атап өтті.


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив