Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Әр тұрғынның өтініші назарда

28-01-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Шығыс кентінің тұрғыны Балтабек Тұрлыбеков қала әкімінің жеке қабылдауында болып, өз мәселесін ғана емес, кенттің қазіргі ахуалын да баяндаған еді. Ақсақал салынып жатқан үйіне су құбырының тартылмай қалғанын айтып шағымданды. Сонымен қатар, Ертіс өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу және бос тұрған бұрыңғы жылу қазандығының ғимаратын халық игілігіне беру жөнінде ұсынысын білдірді.

Қала әкімі бұл мәселелерді назарға алып, жағдайды бақылау үшін бөлім басшыларымен бірге Шығыс кентінің Ақжол көшесіне барды. Балтабек Тұрлыбеков әкіммен кездесіп, мәселені көрсетті. Кенттің жағдайымен танысқан әкім тұрғынның ұсыныстары ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Қала әкімі Талғат Мұратов бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, барлық жұмыстардың заң аясында жүзеге асырылуын қадағалауды тапсырды. Бұл шаралар тұрғындардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізіп, кенттің инфрақұрылымын жақсартуға және әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив