Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
518.14 537.57 5.27

Семейде ақсуаттық шаруалардың жәрмеңкесі өтті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семейдегі «Северный» сауда-логистикалық орталығында апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бүгін де өтті. Бұл жолғы жәрмеңкеде Ақсуат ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады.

Ақсуат ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Ахметов жәрмеңкеге 9 ауылдық округ шаруалары қатысып отырғанын және өнімдерін еш делдалсыз саудалағанын жеткізді.

«Шаруаларымыз облыс тұрғындары үшін 1,4 тонна сиыр еті, 100 келі қой, 250 келі жылқы етін әкеліп отыр. Ауданымыз ауыл шаруашылығына маманданған өңір болғасын табиғи таза 50 литр сүт, 20 келі құрт, 50 келі сары май, 120 келі түшпара және фарш өнімдерін де сөреге қойдық. Бағалары да қолжетімді», - дейді бөлім басшысы.

Жәрмеңкені аралаған облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов бұл шаралардың барлығы азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында атқарылып жатқанын атап өтті.

Ақсуаттықтар жәрмеңкеге өнерпаздарын да ала келіпті. Аудандық Мәдениет үйінің әншілері шағын сахна төрінде әннен шашу шашып, семейліктердің көңілін көтеріп тастады. Тіпті далада бауырсақ пісіріп, ыстық шаймен бірге таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив