Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
520.27 537.65 5.24

Қар шығару — күнделікті жұмыс

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл қар Мақаншы ауданына жылдағы мөлшерден көп түсті. Соған қарамастан аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды тазалау бір сәтке тоқтаған емес. Аудан басшылығы ауылдар арасындағы жолдарды қардан аршып, жолаушылар қатынасына мүмкіндік жасап отыр.

«Ауданымызға 11 ауылдық округ қарайды. Арақашықтықтары әртүрлі. Жалпы ұзындығы 209 шақырым болатын аудандық жолдарды тазалауды «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, «Абраимов» ЖК, «Мейрлан» ШҚ сынды мекемелер атқаруда. Ал, облыстық жолдарды «Семей жолдары» ЖШС, республикалық жолдарды «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы қардан тазалайды. Біз ауылдар арасындағы байланысты үзбеу үшін бар мүмкіндікті пайдаланудамыз. Бұдан бөлек ауыл ішіндегі жолдар, тротуарлар мен қоғамдық орындардың қарын күреу жүйелі жүргізіледі», - дейді Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин.

Қазір аудан бойынша жолдарды қардан тазалау күшейтілген тәртіппен жүруде. 5 тиеуші (погрущик), 2 грейдер, 10 МТЗ трактор, 1 Урал, 3 камаз, 1 К-700, 1 ДТ-75 техникалары қар жауған сайын өз жұмыстарына кірісіп кетеді. Аудан бойынша күні бүгінге дейін 2120 текше метр қар шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив