Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.37 474.49 4.83

АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ

7-03-2024, 11:18 018.kz

Интернет ғасырында - дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік медиа бүгінде негізгі ақпарат көздеріне айналғаны анық.

Өңірлердің және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен өткен кеңейтілген отырыстың бірінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырды. Президент қарапайым адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын білу және оған уақтылы жауап беру өте маңызды екенін атап өтті.

«Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп жатқан саясатты қол жетімді түсіндіру, жағдайды модерациялау және басқару», - деп Президент әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге баса назар аударды.

Бұл әрбір шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек дегенді білдіреді. Президенттің тапсырмасын назарға ала отырып, Абай облысындағы қала мен аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің рейтингі шығарылды. Аталмыш рейтингті «Abay Media Group» ЖШС қарасты ақпараттық-аналитика бөлімінің мамандары дайындады. Рейтинг аудан әкімі мен әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділіктері бойынша арнайы әзірленген критерийлер формуласы бойынша есептелді.

ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАР ӘКІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІГІ БОЙЫНША РЕЙТИНГІ (АҚПАН АЙЫ БОЙЫНША)

Әкімдер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.

Бірінші үштік рейтинг көшбасшылары:

1) Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов

2) Қанат Серікқанұлы Әділбай

3) Талғат Батырұлы Мұратов

Орташа рейтинг:

4) Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев 

5) Мейіржан Серікбосынұлы Смағұлов

6) Айдар Маратұлы Ибраев

7) Жарқынбек Борашұлы Байсабыров 

Аутсайдерлер:

8) Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев 

9) Болат Таңсықбайұлы Әбдірәлиев 

10) Асхат Сайдахметұлы Смаилов

1. Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы – Семей қаласының әкімі. 

Әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша Семей қаласының әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы 1539,7 баллмен 2024 жылдың ақпан айының рейтингінде көш бастады.Бұл ай қала тұрғындары үшін №31 бағыттағы қоғамдық көліктің желіге шығуымен басталды.Қала ішінде заңсыз жарнамаларды ілгендерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында бірқатар заңсыз ілінген жарнамалық баннерлер мен конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қаланың көркін бұзып тұрған жыртылған, ескірген постерлер де алынып тасталынды.Нұрбол Нұрсағатов Комсомол кентінің тұрғындарымен кездесті.Балаларды мектепке тасымалдаудың қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа автобус №44 жалпы орта білім беретін мектебіне берілді.Қалада жаңбыр суын тазарту жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілді.Жас мемлекеттік қызметшілерге өңірлік кадрлық резервке іріктеу барысы түсіндірілді.Қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев «Алтын» және «Күміс» алқа иелері атанған 13 көпбалалы ананы марапаттады.Семей қаласының жаңа Бас жоспарының жобасы танысуға және қоғамдық талқылауға шығарылды.Стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы қолға алынды.Бас жоспар бойынша Нұрбол Нұрсағатов саяжай тұрғындарын қабылдады. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері аязды күні көшедегі қала тұрғындарына ыстық шәй таратты.Семей қаласының Селевин – Парковая, Бозтаев – Узбекская, Әуезов – Иртышская, Қаржаубайұлы – Дулатов көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршамдар іске қосылды. Қаланың аулаларын абаттандыру бойынша комиссияның жұмыс отырысы өтті.Семейге кіретін аумаққа кіру белгісінің архитектуралық тұжырымдамасы бекітілді.Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде «From Semey» көрмесі өтті.М. Әуезов алаңында Семей қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен қала тұрғындары қатысты.Сондай-ақ, кезекті мәрте қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауында 28 адамның өтініші қаралды. Олардың арасында Бобровка, Мұрат, Шығыс саяжай массивтерінің тұрғындары және үй кезегі, жер алу мәселесімен келген тұрғындар бар. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Семей қаласының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

2. Әділбай Қанат Серікқанұлы – Аягөз ауданының әкімі.

Аягөз ауданының әкімі Әділбай Қанат Серікқанұлы 1486,4 баллмен ағымдағы жылдың ақпан айының рейтингінде үздік үштіктің қатарына кірді. Ақпан айы Аягөз ауданы бойынша жаңа прокурордың тағайындалуымен басталды. Аудан әкімі аяғын ауыртып алғанына қарамастан жұмысын еш кедергісіз балдақтың көмегімен жалғастырды. Ол бұл айда бірқатар әкімдік жиналыстарын өткізіп, әрбір ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларын жеке қабылдап, оларға тапсырмалар берді. «AMANAT» партиясы Аягөз аудандық филиалында аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.Ауданның намысын республикалық «Bala Jaidarman - 2024» фестивалінде қорғап, үздік өнер көрсеткен «Жастық шақ» тобының талантты бүлдіршіндерін қабылдап, оларды құттықтады. Қардың қалың түсуіне байланысты, аудан аумағында қар күреу жұмыстары белсенді жүргізілді. Сондай-ақ, жолда қалған жолаушыларды жылыту пунктіне орналастыру, оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүйелі түрде жедел ұйымдастырылды.«Новая» жылу қазандығына қарасты жылу трассасында ақаулық шығуына байланысты келтірілген зардаптарды жедел жойып, қалпына келтірді. Аудандағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, салық түсімі, өрт қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыстарды пысықтады. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың мәселелерінің барлығын назарға алып, шешу жолын ұсынды.«Аягөз қаласында су құбырлары желісінің құрылысы» жобасының іске асырылу жоспары талқыланды. Аудандағы су басу қаупі бар аумақтарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.«Қамқор вагон» ЖШС «Аягөз вагон жөндеу депосы» филиалының вагон доңғалақтар шеберханасының ашылуы өтті.Әлеуметтік жағынан осал топ ретінде кезекте тұрған 28 отбасы баспаналы болды. Аягөздеәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармайлардың бағасына бақылау жүргізілді.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Аягөз ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

3. Мұратов Талғат Батырұлы – Бесқарағай ауданының әкімі.

Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы 1312,7 баллмен ағымдағы жылдың ақпан айының рейтингінде үздік үштікті түйіндеп тұр. Аудан басшысы ақпан айын «AMANAT» партиясында азаматтарды жеке қабылдау өткізуден бастады. Артынша аудандық орталық ауруханының жай күйімен танысты. Балалардың өнер мектебі мен шығармашылық үйіне барып, ғимараттың бүгінгі жағдайын қарап, жаңа ғимарат салу үшін сметалық құжаттама әзірлеу қажеттігін айтқан. Канонерка, Малая-Владимировка, Бозтал, Жетіжар, Кривинка, Грачи, Лесной, Қара-Мырза, Ескі-Қорған, Глуховка, Стеклянка ауылдарына барып, жергілікті халықпен кездесіп, олардың мәселелі сұрақтарын тыңдады. Қардың қалың түсуіне байланысты, аудан ішіндегі жолдарды ашу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Сондай-ақ, Талғат Батырұлы аудан әкімдері ішінде бірінші болып «Мың алғыс» акциясын бастап, үлкендердің батасын алуды әдетке айналдырған. Әкімдік жиналысын өткізіп, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын пысықтады.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бесқарағай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

4. Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы – Көкпекті ауданының әкімі.

Көкпекті ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы 1302,3 баллмен рейтингте төртінші орынға жайғасты. Ақпан айы Көкпекті ауданы үшін қиынға соқты десе болады. Себебі ауа-райының тосын-мінез танытуына байланысты қар шамадан тыс қалың жауып, арты ақ түтек боранға ұласты. Нәтижесінде Байбура асуында жүзден аса көліктер жолда қалды. Аудан әкімінің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, коммуналдық қызметтің белсенді әрекетінің арқасында, қар күреу жұмыстары жедел тәртіппен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бірқатар аппарат жиналысы өтіп, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды.Көкпекті орта мектебіне жұмыс сапары барысында мектеп ұжымымен кездесіп, мектептің білім сапасын жақсарту, мектептің материалды-техникалық базасын жаңарту және көктемге мектеп ауласын абаттандыру мәселелерін талқылады. Тассай ауылының азаматтарын қабылдап, балық шаруашылығын дамыту мәселесін қарады. Үкілі қыз, Толағай ауылдарына барып, ондағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың ағымдағы жағдайымен танысты. Сонымен қатар, жұмыс сапарымен Көкжайық, Биғаш, Егінбұлақ, Преображенко, Теректі ауылдарына барды.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Көкпекті ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады. 

5. Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы – Абай ауданының әкімі.

Абай ауданының әкімі Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы 1238,0 баллмен рейтингтің ортасына тұрақтады. Ақпан айы Абайлықтар үшін аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы мен жаңа прокурордың келуімен басталды. Бұл ай Абай елі үшін спорттық жарыстарға толы болды.АудандаҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қызметкері, полиция капитаны болған Жұманбаев Мұратбек Оралбекұлын еске алуға арналған волейболдан ІІ республикалық турнирі мен дала данышпаны - Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай аудан әкімінің жүлдесі үшін спорттың 17 түрінен аудандық спартакиада ойындары өтті. Толассыз жауған қарды күреу жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. Бірқатар әкімдік жиындары өтіп, ауданды дамытуға бағытталған мәселелер пысықталды. Сондай-ақ, Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Абай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

6. Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі.

Бородулиха ауданының әкімі Ибраев Айдар Маратұлы 1200,4 баллмен рейтингте алтыншы орынға жайғасты. Ақпан айы Новодворовка ауылдық округі тұрғындарының өтініші бойынша Ивановка ауылының тұрғындарымен кездесуден басталды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысында су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды.Балаларға арналған «Кристалл» балалар сауықтыру лагеріне барды.Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы дербес бөлімдердің басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары үшін кеңейтілген аппарат отырысын өткізді. Бородулиха ауданында да қар күреу жұмыстары белсенді жүргізілді.«AMANAT» партиясы Бородулиха аудандық филиалында азаматтарға қабылдау өткізді.Бородулиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзету орталығы мен «Балдәурен» балабақшасында болып, болашақта ашылатын қосымша топқа арналған бөлмелерді қарады.Краснояр ауылдық округінде көктемгі су тасқынының қауіпті маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығулар өтті. Сондай-ақ, бірқатар білім мекемелерін аралап, ондағы жылу қазандықтарының жай-күйімен танысты.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бородулиха ауданының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады

7. Байсабыров Жарқынбек Борашұлы – Жарма ауданының әкімі.

Жарма ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы 1190,7 баллмен рейтингте жетінші орында тұр. Ақпан айында Жарма ауданы табиғаттың тосын мінезіне төтеп берген жолаушыларды жылы қарсы алып, оларды жылыту пунктіне орналастыруымен ерекшеленді. 500-ден астам адамды қабылдаған Қалбатау өңірі оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, психологиялық көмектер көрсетті. Сондай-ақ, Шуақ ауылында орын алған жағдайға байланысты жедел әрекет етіп, жылусыз қалған тұрғындарға жылыту құралдарын жеткізу арқылы жылулық сыйлады.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Жарма ауданының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

8. Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы – Үржар ауданының әкімі.

Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы 1124,9 баллмен сегізінші орынға жайғасты. Ақпан айын аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаудан бастады. Лайбұлақ, Алтыншоқы, Айтбай, Тасарық, Жаңатілек, Таскескен, Көкөзек, Көлденең, Шолпан, Қарақол, Ақжар, Елтай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Аудан орталығында бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Су тасқынының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, Егінсу қоймасының жағдайын бақылады.Сондай-ақ, әуежайдың ұшып-қону алаңын қыс мезгілінде күтіп ұстау жағдайын және қауіпсіздік шараларын көрді. Қар күреу жұмыстары аудан аумағында белсенді жүргізілді. Әр сала бойынша басқарма және бөлім басшыларын қабылдап, өзекті мәселелердің шешу жолын пысықтады.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Үржар ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

9. Әбдірәлиев Болат Таңсықбайұлы – Курчатов қаласының әкімі.

Курчатов қаласының әкімі Әбдірәлиев Болат Таңсықбайұлы рейтингте 944,9 баллмен тоғызыншы орынға тұрақтады. Курчатов қаласы үшін ақпан айы түрлі сала басшыларын қабылдауға толы. Әкімнің парақшасынан оны айқын аңғаруға болады. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, артынша жылу қазандықтарын аралаған.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Курчатов қаласы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

10. Смаилов Асхат Сайдахметұлы – Ақсуат ауданының әкімі

Ақсуат ауданының әкімі Смаилов Асхат Сайдахметұлы 399,7 баллмен көш соңына жайғасты. Аудан басшысы өзінің ресми парақшасын әдеттегідей жүргізбеген.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Ақсуат ауданының әкіміне ұсыныс:желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив