Абай облысының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту аясында түзету мекемесіне барды
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту аясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалымен және Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, мыңнан астам сотталушы ұсталатын өңірдегі ірі түзету мекемелерінің бірінің алаңында экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты экскурсанттарды сотталғандарды ұстау шарттарымен таныстыру ғана емес, сонымен қатар заң мен тәртіпті сақтамаудың салдарын нақты көруге мүмкіндік беру болды.
Мемлекеттік қызметшілер қылмыс әлемінің шынайы бейнесін көріп, әр күн сайын жазаларын өтеушілер өздерінің құқықбұзушылықтары нәтижесінде қатал жағдайлармен бетпе-бет келетін қатаң режимдегі және карантиндегі посттарды аралады. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтегі заңдылықты және әркімнің жеке жауапкершілігін сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Экскурсия мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған білім беру процесінің маңызды элементіне айналды.