Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Облыс орталығына Мақаншыдан жәрмеңке келді

10-02-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде кезекті мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мақаншы ауданы шаруаларының қала тұрғындары үшін әзірлеген жәрмеңкеге халық көп жиналды. Облыс орталығында өткен жылдың қараша айынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.

Бүгінгі жәрмеңкеге Мақаншы ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруалары қатысты. Шаруалар қалалықтардың қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие өнімдерін әкелген.

«Біз Семей тұрғындарының сұранысын ескере отырып, жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 7 сиыр, 5 бас қой етін, табиғи қоспасыз 20 литр сүт, 20 литр қаймақ, 20 келі май, 20 келі ірімшік әкелдік. Омарташылардың 70 келі балын сатылымға шығардық. Алакөлдің 90 келі балығы мен 50 келі нан өнімдерін сөреге қойып отырмыз», - дейді Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин.

Бұдан бөлек көкөністерден 210 келі сәбіз, 1050 келі картоп, 260 келі қырыққабат, 180 келі пиязды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудалады.

Мақаншылықтар жәрмеңкені нағыз мерекеге айналдырып жібергендей. «Северный» сауда-логистикалық орталығының ауласына киіз үй тігіп, жәрмеңкеге келушілерге дастархан жайылды. Аудан жастары жәрмеңкешілерге ыстық шәй мен бауырсақ таратып, Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы семейліктердің көңілін көтерді.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес мұндай жәрмеңкелер мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив