Абай облысында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР Чемпионаты өтуде
«Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Турнир U-17 және U-23 жас топтары арасында өткізіледі. Чемпионатқа 20 команда қатысады, жалпы 1500 балуандай жиналды. Бұл еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар. Бұл турнир Азия және әлем чемпионатына іріктеу.
«Жеңімпаз атанған балалар ел құрамасына кіре алады. Бұдан әрі олар Қазақстан атынан Азия және Әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Балуандардың арасында үлкен үміт артып отырған Абай облысының спортшылары да бар», - дейді облыстық спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов.
Жарыстың бірінші күні Абай облысының намысын қорғаған балуан Заңғар Қабылбеков өз қарсыластарын жеңіп, финалда жеңіске жетті.
«Қарсыластар мықты, жақсы дайындалған. Бірақ мен бар күшімді салып, жеңіске жете алдым. Финалда мен үшінші орын үшін күресіп, команда мен жаттықтырушылардың үмітін ақтадым», - дейді Заңғар Қабылбеков.
Чемпионат 10 күнге созылады.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!«Табысты Отбасы» жобасының екінші ағымына қатысушылар республикасының төрт облысында сертификаттар алдыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыСамат Смақов: Елімайдың өзіндік стилі болады