Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
504.44 545.65 5.95

Қошқарбаев қаңғыбас иттерге «интернат» ашпақ

28-02-2025, 14:59 Сәтжан Қасымжанұлы

«Ит - адамның досы» дегенді жақсы түсінетін Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев қаңғыбас иттерді баспанамен «қамтамасыз етуге» баса назар аударып отыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Аудан әкімінің айтуынша, осы мәселеге қатысты Канонерка ауылы тұрғындарының ұсынысы ескерілген. Әкім сонымен бірге жұртшылықты жануарларға жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. 

«Бүгін арнайы осы нысанға барып, жеке кәсіпкер Нуримановпен кездестім. Вольердің жағдайын қарап, иесіз жануарларға арналған ветеринарлық қызмет көрсету орындарымен таныстым», - дейді Н. Қошқарбаев жеті қазынаның бірі саналатын итке деген адал ниетін аңғартып.

Әрине, «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген нақылды басқа басшыны қайдам, Қошқарбаевтың жете түсінген осы бастамасына қуана қол соғуға болады. Алайда, осы ауданның әкімі қызметіне өткен жылдың соңында келген, яғни, «таққа отырғанына» екі ай енді болған жаңа әкім бұл мақсатқа қанша қаражат жұмсалатынын айтудан айналып өтіпті. Есесіне аудан әкімдерінің арасында «иттер интернатын» ашқан алғашқы әкім болып аты тарихта қалатын сыңайлы.

Айтпақшы, Бесқарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалғанына көп уақыт өтпей жатып «Болашағын ойлайтын ел ең әуелгі игілікті болашағына, балаларға жасайды» деп ешбір басшының басына келмеген ой айтып таңғалдырған болатын. Бірақ, болашаққа қатысты игілікті балалардан бұрын қаңғыбас иттер көретін түрі бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив