Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті

3-03-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Онда депутаттар 6 наурыз күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Іс-шара барысында Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарау туралы шешім қабылдады. Келісім айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жүргізуді көздейді.

Заңның мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды экстрадициялауға құқықтық негіз қалыптастыру, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл құжат қылмыс жасаған адамдарды беру тетіктерін қалыптастыруға, қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған. Келісім нормалары экстрадициялау және одан бас тарту негіздерін, беру шарттары мен рәсімдерін және экстрадициялауды кейінге қалдыру немесе белгілі бір мерзімге беру мәселелерін де айқындайды.

Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттар Комитеттердің алдағы отырыстарында қаралатын мәселелерді пысықтап, Мәжілістен келіп түскен заңдарды бөлді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив