Абай ауданында цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов өңірде цифрлық технологияларды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның ішінде музей нысандарына бірнеше тілде ақпарат беретін QR-кодтар орнату және аудан орталығында интернет байланысын жақсарту жоспарланып отыр.
– Ауданда цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Интернетпен қамту мәселесіне келсек, туристер жиі келетін Жидебай, Бөрілі және Қоңыр әулие секілді тарихи орындарда интернет желісін орнату жоспарланып отыр. Ал аудан орталығына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, интернет тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта музей нысандарын QR-кодтармен жабдықтау жоспарланған. Бұл жаңашылдық келушілерге кодты сканерлеу арқылы бірнеше тілде ақпарат алуға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі.
Спикердің айтуынша, алдағы уақытта цифрлық қызметтерді кеңейту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және тұрғындар мен туристер үшін байланыс сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасады.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ (АҚПАН АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ)