Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Березовский кентінің өзекті мәселелері тыңдалды

17-03-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов Березовский кентінің тұрғындарымен кездесіп, жол, су, жарық және мектептің жылыту жүйесіне қатысты мәселелерді тыңдады. Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындар көкейкесті сұрақтарын қойды.

Кездесуге тиісті бөлім басшылары мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысып, көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Әкім тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын және әр мәселе әкімдік бақылауында болатынын атап өтті.

«Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз екенін әрқашан айтамын. Және әрбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Березовский кентіндегі барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп, әрқайсысына тиісті назар аудару қажет. Бөлім басшыларына да осыны тапсырамын», – деп атап өтті Талғат Мұратов.

Кездесу нәтижесінде әкім тиісті бөлім басшыларына мәселелердің шешілуін бақылауға алу қажеттігін тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив