Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Аймақ басшысы Бородулиха ауданындағы мешіт құрылысын көрді

26-03-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Төрт мұнаралы, 500 орындық мешіттің құрылысы 2023 жылы басталған. Ғибадат үйіне осы уақытқа дейін демеушілер көмегімен, орыс, армян, неміс ұлттарының өкілдері және жергілікті тұрғындардың жәрдемдесуімен 200 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Құрылысты толық аяқтау үшін 30 миллион теңге қажет.

Аймақ басшысы мешіт құрылысын аяқтауға демеушілер арқылы қолдау көрсетілетінін айтты. Құрылыс жоспарға сай жүргізілсе ғибадат үйі Құрбан айттан кейін пайдалануға беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив