Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Берік Уәли азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

31-03-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли «Amanat» партиясының өңірлік филиалы ғимаратында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Оған қала, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, Алакөл жағалауын абаттандыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолдау көрсету, жер учаскесін рәсімдеу, заңсыз салынған көпқабатты үй құрылысына қатысты мәселелерді көтерді.

Жарқын ауылының тұрғындары елді мекеннің мәртебесін анықтау, медициналық пункт салу бойынша көмек көрсетуді сұрады. Семей қаласының тұрғыны Серік Байғалиев шаһардағы қоқыс полигонына, өңірде мал көметін орындарды салуға, мектептерде ювеналды полиция қызметін жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Облыс әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшылары мен қала-аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Аймақ басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив