Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына барды

31-03-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына барды. Аймақ басшысы өңірдегі бірнеше елді мекенде болып, білім беру нысандарын аралады. Өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Ақсуат ауылынан бастады. Қазіргі уақытта аудан орталығы - Ақсуат ауылындағы негізгі көшелерді жаңғырту жұмысы жалғасуда. Қабанбай көшесінің кіреберіс қақпасынан орталық стадионға дейінгі 2 шақырымға жуық жол 4 жолақты болып кеңейтіліп жатыр. Жолдың ені 13 метрге дейін ұлғайтылып, асфальт жамылғысы төселмек. Сонымен қатар, облыс басшысына Қабанбай көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салу және жарықтандыру жобасы таныстырылды. Жоба аясында ұзындығы 1,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, 6 шақырымды құрайтын көше бойына 200-ге жуық жарық бағанасы орнатылмақ.

Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапары барысында Ақсуат ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмысын көрді. Қазіргі уақытта аудан орталығындағы Қабанбай көшесіндегі 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй металл сайдингпен қапталуда. Тұрғын үйлердің шатырын ауыстыру да жоспарланған.

Аймақ басшысы аудан әкіміне Ақсуат ауылын абаттандыру бағытындағы жұмысты жалғастырып, ең бастысы сапалы орындалуына мән беру керектігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив