Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.54 628.31 6.7

Семейде жастарды қолдау бойынша 14 жоба іске асырылмақ

31-03-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев және кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес барысында алдағы жұмыс жоспары талқыланып, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Қанат Талғатов 2025 жылдың 1-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, жастар саясаты бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Биыл жастарды қолдау мақсатында 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл бастамалар білім беру, кәсіпкерлік, еріктілік, мәдени және спорттық іс-шараларды қамтиды.

Кездесу соңында Қуаныш Әбілдаев жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсетуге әкімдік әрдайым дайын екенін атап өтіп, жастардың ұсыныстарын назарға алынатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив