Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Ералы Тоғжанов Абай облысындағы бірқатар нысандарды аралады

8-04-2025, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов 7-8 сәуірде жұмыс сапарымен Абай облысында болды.

Сапардың бірінші күні Семей қаласының «Суық бастау» шағын ауданына барып, су тасқынына қарсы шаралармен танысты. Бейбітшілік аралындағы жағалауды нығайту жұмыстарын көрді. Облыс басшылығы, Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазгидромет» РМК өкілдерінің қатысуымен жедел штаб отырысы өтті. Отырыста облыс, қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ ТЖД басшылығына су басу қаупі бар аймақтағы елді мекендерді ерекше бақылауға алу тапсырылды. Судың қауіпсіз өтуі және тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажеттігі айтылды. Су қоймалары мен бөгеттерді үнемі бақылап, көпірлердің жағдайын назарда ұстау ұсынылды. Отырыста Ертістегі мұз жару жұмыстары толығымен аяқталғаны мәлімделді.

Сапардың екінші күні Ералы Тоғжанов облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен бірге Бородулиха ауданындағы су тасқыны қаупі бар аумақтарды тікұшақпен әуеден бақылады. Красный Яр ауылындағы жағдай туралы аудан әкімі Айдар Ибраев баяндады.

Сондай-ақ, ол Шүлбі су электр станциясына да барды. Суды жинау және жіберу режимін қауіпсіз реттеу бойынша кеңес өтті. Гидротехникалық қондырғылардың қауіпсіздігі қаралды. Ондағы мамандар қазіргі жағдайды айтып берді. Бүгінде СЭС кестеге сай жұмыс істеп тұр. 

Екі күндік жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Абай облысындағы су басу қаупі бар аймақтарға талдау жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив